АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте
жаңа функциялар пайда болды
"БЖЗҚ" АҚ енді өзектілігі төмендеп бара жатқан пошта байланысы және (немесе) электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілдерінен бас тарту үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың және хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қоюдың қажеті жоқ екенін хабарлайды.
Хабарлаудың бұл тәсілдерінен бас тарту үшін енді БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетке кіру жеткілікті.