Жеке куәлікті ауыстыру
Жеке басты куәландыратын құжаттар –жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға беріледі. Жеке басты куәландыратын құжатты мерзімі өтуіне, аты-жөнін өзгертуіне , құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез келген халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге болады. Бұл орайда азаматтың қай жерде тұратыны және қай мекенжайда тіркелгендігі маңызды емес. Ал жеке куәлікті алғашқы рет алатын азаматтар , яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға баруы тиіс.
Т.Рысқұлов аудандық Халыққа
Қызмет көрсету бөлімі