Бұқаралық ақпарат құралдарымен онлайн-платформаларды пайдаланушылар назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3 тармағына сәйкес шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ олар, Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.
Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынған мәліметтер орналастырылады. Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайтындығын жеткіземіз.
Осыған орай 2023 жылдың 29 қазанына тағайындалған Жамбыл облысы Қордай аудандық және Тараз қалалық мәслихаттарының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттарының орнына және 2023 жылдың 5 қарашасына тағайындалған Жуалы және Т.Рысқұлов ауданы әкімі сайлауларына тіркелген кандидаттардың шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының интернет парақшасына орналастырылуы қажет екендігін естеріңізге саламыз.