Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы
сайлау округінің шекаралары мен аумақтық сайлау
комиссиясының орналасқан жері туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 22-бабының 2) тармақшасына және 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 3 тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің сайлауы бойынша аумақтық сайлау округінің шекарасы: Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының шекаралары кіреді.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Ж.Жолы көшесі №73
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы