Хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылдың 17 қыркүйекте Т.Рысқұлов ауданының Құмарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                4-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының №335, 336 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын анықтады:

Құмарық ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2121 азамат енгізілді, оның ішінде 1478 адам дауыс берді.

Жарамсыз бюллетендер саны – 5, «бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған -6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айдаркулов Асет Алибекович. – 133;

Атабаев Тимур Берикович – 245;

Мансур Болат Шәкіртұлы – 1089;

Құмарық ауылдық округінің әкімі болып Мансур Болат Шәкіртұлы сайланды.

Мансур Болат Шәкіртұлы 1977 жылы туылған. Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылында тұрады.

Құмарық ауылдық округі әкімі лауазымын атқарады.

          Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының            45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылы              17 қыркүйекте сайланған Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Дата публикации
18 сентября 2023