Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының

әкімін сайлауды тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1-бабының 1-тармағының
2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Жамбыл облыстық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 6-2 «Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу үшін Жамбыл облысы бойынша пилоттық өңірлердің тізбесін белгілеу туралы» және № 6-3 «Жамбыл облысы бойынша пилоттық өңірлерде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін  белгілеу туралы» шешімдерінің негізінде Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы                5 қарашаға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық «Құлан Таңы» газетінде жариялансын және Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                М. Тлепов

 

Хатшы                                                                Н. Тантаев

 

 

 

 

 

 

Құлан ауылы

2023 жылғы 15 қыркүйек

№ 6

Дата публикации
15 сентября 2023