АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2023 жылғы шілдеде отандастарымыз инвестициялық портфельді басқарушыларға 820 миллион теңгеден астам зейнетақы жинағын аударды
3,6 трлн теңгеден астам қаражат тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге берілген 1,8 млн өтінішке сәйкес уәкілетті оператор-банктерде ашылған отандастарымыздың арнайы шоттарына аударылды. Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы жинақтарын азаматтар тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде бірнеше рет пайдалана алады.