|
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2023 жылғы 1 тамыздағы негізгі көрсеткіштеріне шолу:
зейнетақы жинақтары бір жылда 20% өсті
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 16,4 трлн теңге болды. Бір жыл ішінде ол 2,7 трлн теңгеге немесе 20% өсті.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 19,5% ұлғайып, 2023 жылғы 1 тамызда 15,8 трлн теңгеге жетті.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары шамамен 517 млрд теңге, бір жылда 27,8% көбейді.
Ең үлкен өсім – 57,8% нәтижені ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақталған қаражат көрсетті. Ол 2023 жылғы 01 тамызда шамамен 4,5 млрд теңге болды.