АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ салымшыларының 7 ай ішіндегі таза инвестициялық табысы
өткен жылғы көрсеткіштен 52% асып түсті
2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 760,9 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 259,8 млрд теңгеге немесе 52% артық.
БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша табыстылық соңғы 12 айда 7,89% көрсетті.