АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры 15 млн қызмет көрсетті
Жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру мен жоспарлауға дербестендірілген көзқарасы бар жоғары технологиялық қаржы институты бола отырып, БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына өздеріне ыңғайлы форматта қызмет алуға мүмкіндік береді. Электрондық қызметтер басымдыққа ие. Ағымдағы жылдың 7 айында 10 млн астам операция (68,9%) электрондық форматта жүргізілді.