Құмарық ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер
Т.Б.Атабаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
ӨМІРБАЯНЫ
Атабаев Тимур Берікұлы 1988 жылдың 9 маусымында Каменка ауылында дүниеге келген. Ол өз еңбек жолын 2009 жылдың 25 шілдесінен 30 қазан аралығында және 2010 жылдың 5 сәуірінен 30 маусымы аралығында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бойынша білімін ұштастырушы болып бастаған. 2013 жылдың 18 наурызынан 2015 жылдың 15 сәуірі аралығында «Луговой ауылдық округі әкімінің аппаратында» келісімшарт негізінде әскери есеп столы маманы, 2015 жылдың 16 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін «Т.Рысқұлов ауданының Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының» бас маманы болып қызмет атқарып келеді.
Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.