Құмарық ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер А.А.Айдаркуловтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
ӨМІРБАЯНЫ
Айдаркулов Асет Алибекович 1988 жылы 30 мамырда Өрнек ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Алғабас орта мектебіне барып, 2006 жылы №5 Жамбыл мектебін тәмамдаған.
2007-2009 жылдары Ақпараттану байланыс және технологиялар колледжінің «Қаржы» мамандығын меңгеріп шықса, 2013-2016 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде «Тарих» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2016 жылдан бері «Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де бас маман қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.