Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны elicense.kz порталынан алуға болады

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны elicense.kz  порталынан алуға болады

Енді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет. Мұндай лицензияны алу үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға elicense.kz порталында электрондық өтініш береді.

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияны elicense.kz порталынан алуға болады Енді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет. Мұндай лицензияны алу үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға elicense.kz порталында электрондық өтініш береді. Лицензия алу үшін өтініште цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру үшін деректерді өңдеу орталығының орналасқан жері мен электр энергиясын алу тәсілі туралы мәліметтерді көрсетіп, қажетті құжаттарды қоса беру керек. Лицензия «Менің лицензияларым» модулінде пайдаланушының «Жеке кабинетіне» жіберледі және сақталады. Өтінім бойынша бас тартылған жағдайда дәлелді бас тарту нәтижесі «Менің өтініштерім» модулінде сақталады. Сондай-ақ,дата орталығының мекен-жайын,заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің атауы мен орналасқан жерін өзгерту, қайта ұйымдастыру және ҚР заңнамасында қайта ресімдеу туралы талаптар болған жағдайда лицензияны қайта рәсімдеу қажет. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Дата публикации
07 сентября 2023