Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептілігі туралы

БАҚ жобасы

 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын

ұйымдардың есептілігі туралы

 

Соңғы жылдары Қазақстанда микронесиелеу нарығы белсенді дамып, үлкен қарқынмен өсіп келеді. Микрокредиттеу – бұл ипотекалық несиелеу, автонесиелеу немесе бизнесті несиелеу сияқты несиелеу нарығының толыққанды сегменті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн-кредиттеу компанияларын, кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоса алғанда, барлық микрокредиттеу субъектілері Қазақстан Республикасының қаржынарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу периметріне енгізілді.

БАҚ жобасы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептілігі туралы Соңғы жылдары Қазақстанда микронесиелеу нарығы белсенді дамып, үлкен қарқынмен өсіп келеді. Микрокредиттеу – бұл ипотекалық несиелеу, автонесиелеу немесе бизнесті несиелеу сияқты несиелеу нарығының толыққанды сегменті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн-кредиттеу компанияларын, кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоса алғанда, барлық микрокредиттеу субъектілері Қазақстан Республикасының қаржынарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу периметріне енгізілді. Осыған орай, заңды тұрғыда микроқаржылық қызметті лицензиялау міндеттелді: біліктілік талаптары мен қаржылық және өзге де есептіліктерді тапсыруға қатысты нормативті-құқықтық актілердің талаптарын орындау міндеттері енгізілді. Осылайша, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептіліктің тізімі, нысандары, мерзімі және тапсыру тәртібі уәкілетті органмен келісе отырып бекітілген, қаржылық және өзге де есептіліктерді тапсыруға міндетті. Қаржылық және өзге де есептілік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41, 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222, 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулыларда көзделген есептерді құрайды. Микроқаржы ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне барлығы 13 түрлі (оның ішінде айлық есептер – 5), ал кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар – 8 түрлі қаржылық және өзге де есептілік тапсырады. Қаржылық және өзге де есептілікті тапсыру мерзімі: микроқаржы ұйымдары үшін – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі 20 (жиырмасыншы) күннен кешіктірмей (қаржылық есептілік), ай сайын және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 25 (жиырма бесінші) күннен кешіктірмей (өзге де есептілік); кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар үшін – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі 25 (жиырма бесінші) күннен кешіктірмей (қаржылық және өзге де есептілік). Есептіліктер электрондық нұсқада frsi.nationalbank.kz. сілтемесі бойынша қолжетімді «Қаржылық реттеуші статистикалық көрсеткіштер» ААШЖ (бұдан әрі – «ҚРСК» ААШЖ) арқылы тапсырылады. Есептілікті бірінші рет тапсыратын жаңа ұйымдар, алдымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жаңа Веб-порталында (digital.nationalbank.kz) тіркеліп, «ҚРСК» ААШЖ қол жеткізу құқығын беруге өтінімді (ұйымның бірінші басшысына және бас бухгалтеріне) толтырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалына (zhumb_80@nationalbank.kz) хатпен жіберу керектігін айта кеткен жөн. Сұрақтар туындаған жағдайда және/немесе есептілікті толтыру бойынша кеңес алу үшін микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалына 8 (7262) 999-348, 8 (7262) 45-59-81 телефондары арқылы жүгінуіне болады. ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы Жібек Омарова
Дата публикации
25 августа 2023