Онлайн өтініш беру.
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтінімді енді онлайн тапсыруға болады. Ол үшін электрондық үкімет порталында «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміндегі қызметті таңдап, өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Бұрын жұмыс берушілер қате төленген әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнатақы жарналарының артық аударылған сомаларын қайтару үшін Мемлекеттік Корпарацияға келіп өтініш жазатын.