2023 жылдың 01 мен 29 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2023 жылдың 01 мен 29 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Т.Рысқұлов ауданы әкімдігіндегі ұйымдастырушылық-басқарушылы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған.