Т.Рысқұлов аудандық маслихаты шешімнің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Т.Рысқұлов аудандық маслихаты шешімнің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Т.Рысқұлов аудандық маслихаты шешімнің жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА № Шешімнің жобасында көрініс табуы тиіс болған мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның –әзірлеушінің ақпараты 1. Аудандық мәслихаттың Шешімі жобасының атауы Т.Рысқұлов ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы 2. Жоба әзірлеуші мемлекеттік орган «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3. Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»Қазақстан Республикасының Кодексі 4. Іске асыру мақсатымен қандай заңнамалық актілер, ҚР Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, басқа да актілер мен тапсырмалар жобаға енгізіледі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес 5. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендету 6. Жоба қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Осы шешімінің жобасн қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары долдырмайды 7. Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығындар Қаржылық шығындар көзделмеген 8. Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын барлық мемлекеттік органдар басшыларының және мамандарының бұрыштамалары бар 9. Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немеесе) ұғаюын растайтын есеп-қисап бойынша мәліметтер АСР мөлшерлемесін 4 пайыздан2 пайызға төмендету (жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, табысы 600 000 АЕК-тен аспайтын, осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы №393 қаулысымен айқындалған қызметтің бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін) бизнес-ахуалды жақсартуға, салық жүктемесін төмендетуге, бизнесті заңдастыруға және кәсіпкерлік сектордың іскерлік белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады 10. Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер Жоқ 11. Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі Жоқ 9. Басқа мәліметтер Жоқ «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ басшысы С.Тастанов
Дата публикации
27 июля 2023