Elicense.kz порталында «Халықтың санитарлық-эпидемилогиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды
Сертификат алуға өтініш беру үшін қажет:
*Сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
*Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
*Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
* Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
* Басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында білім алған туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
*Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта білім туралы дипломның электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын алу үшін пайдаланушы elicense.kz порталында электрондық өтінішті толтырады.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -10 жұмыс күні.
Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады.