ХАБАРЛАМА

2023 жылдың 04 маусымында Т.Рысқұлов ауданының Көгершін ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 4-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Т.Рысқұлов ауданының №337 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын анықтады:

Көгершін ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2140 азамат енгізілді, оның ішінде 1308 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны – 18, «бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған -155.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Багылбеков Е.Ж. – 799;

Бейсов Н.С. – 220;

Иманкулов Б.А. – 133;

Көгершін ауылдық округінің әкімі болып Багылбеков Ернар Жанатович сайланды.

Дата публикации
05 июня 2023