Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың
І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 69 қызмет көрсетіледі.
2023 жылдың І тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 6252 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 3458 қызмет (55,3 %);
қағаз түрінде – 2 қызмет (0,03 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 156 қызмет (2,49 %).
Веб-портал арқылы - 1794 қызмет (28,6%)
Мемлекеттік корпорация арқылы – 842 (13,5%)
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілеріне қызмет көрсетуден бас тартылмады.
2023 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Ақпан айында Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру бойынша мерзімін кешіктірген (1 қызмет) ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Ауталиповке «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2023 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 2 ішкі бақылау аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Қорағаты ауылдық округі әкімінің аппаратына жүргізіліп, нәтижесінде 2 ұсыныс әзірленіп, орындалды.