«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес № 6, 7, 8, 10, 11, 12 және 14 округтік сайлау комиссиясылары Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған сайлау округтері бойынша кандидаттың тіркелгені туралы хабарлайды:
№6 сайлау округі бойынша:
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Разаков Нургали Жумагалиевич 1994 жылы туылған. Аудандық аурухананың жүргізушісі, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№7 сайлау округі бойынша:
Т. Рысқұлов аудандық маслихат депутаттығына кандидат Кораласбаев Ержан Шамшабекович, 1976 жылы туылған, «Құлан Энерго Жылу» КМК басшысы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№8 сайлау округі бойынша:
Т. Рысқұлов аудандық маслихат депутаттығына кандидат Махамедкерімов Берік Мухтарұлы 1996 жылы туылған, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№10 сайлау округі бойынша:
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тамашев Бауыржан Медетович 1968 жылы туылған. А.Бөкейханов атындағы орта мектебі директорының орынбасары, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№11 сайлау округі бойынша:
Т. Рысқұлов аудандық маслихат депутаттығына кандидат Қызай Салтанат Нұрланқызы, 1991 жылы туылған, Жастар ресурстық орталығының инспекторы, Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№12 сайлау округі бойынша:
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Шапетова Гульвира Ермахановна 1970 жылы туылған. Аудандық білім бөлімінің кадр меңгерушісі, Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
№14 сайлау округі бойынша:
Т. Рысқұлов аудандық маслихат депутаттығына кандидат Қырғызбаева Аяжан Асқарқызы 1996 жылы туған, «Азиза» бала бақшасының тәрбиешісі. Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Т. Рысқұлов аудандық маслихат депутаттығына кандидат Молдазов Танат Аманкелдыұлы 1984 жылы туған, Т.Рысқұлов аудандық ветеринариялық станциясының заңгері, Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.