№ 17 сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес № 17 округтік сайлау комиссиясы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден  және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №17 сайлау округі бойынша кандидаттың тіркелгені туралы хабарлайды:

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Орманбеков Бекетай Байдильдаевич, 1959 жылы туылған, шаруа қожалықтың басшысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны. Қазақстан Халық Партиясы ұсынған.

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Кораласбаев Арылбек Шамшабекович, 1968 жылы туылған, «Бай-Алғабас» шаруа қожалығының басшысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясы ұсынған.

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат​ Буламбаев Дархан Кенесович 1976 жылы туылған, Қорағаты орта мектебінің директоры. Т. Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат​ Касеналиева Айгуль Аскербековна 1965 жылы туылған, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің директоры. Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

№ 17 округтік сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
17 февраля 2023