Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың
12 айы бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарымен
125 мемлекеттік қызмет түрі (63 мемлекеттік кіші қызмет түрі) көрсетіледі.
2022 жылдың 12 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 8872 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілері 2 қызметті көрсетуден бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасы толық болмауынан.
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
шағым түспеген. 8 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған. Сонымен қатар, 4 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің бас тарту мерзімдері бұзылған. Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдардымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың 12 айында 224 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 47 503 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі
Есепті мерзімде Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 4 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізіп, 4 жергілікті атқарушы органдар қамтылды.
Нәтижесінде 18 бұзушылықтар анықталып, 2 жауапты тұлғаға тәртіптік жауапкершілік қолданылды.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 14 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тартудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 4 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 5 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.