Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың ІV тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 125 қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың ІV тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 1854 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    1765  қызмет (95,2 %);

қағаз түрінде                     –     0 қызмет (0,0 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    89 қызмет (4,8 %).

Осы мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бас тартулар болмады.

2022 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағым түспеген.

2022 жылдың ІV тоқсанында мерзімдері бұзылып мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесін кешіктіргені үшін Қорағаты ауылдық округінің әкімі Б.Аблазимов                       30630 теңге айыппұл төледі.

Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында 57 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 20 891 халық қамтылды.        

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың ІV тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Желтоқсан айында бекітілген жоспарға сәйкес Абай ауылдық округі әкімінің аппаратына ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, бақылау                      іс-шарасының қорытындысы бойынша 1 ұсыныс әзірленіп, орындалды.

Дата публикации
09 января 2023