Т.Рысқұлов ауданының мәслихаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14, 111-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының және 4-1-тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес және «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 3002-ө бұйрығының негізінде  «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылуына байланысты Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша сайланған Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты депутаты Жәдікова Бибіжамал Айданқызы өкілеттігін жоғалту фактісі расталсын.
  2. Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаты Жәдікова Бибіжамал Айданқызы куәлігі жарамсыз деп есептелсін.
  3. Осы шешім Т.Рысқұлов аудандық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы шешім Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспасөз басылымында орналастырылсын.
  5. Осы шешім оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сайлау комиссия

төрағасының м.а.                                                     Е.Әлібаев

 

Сайлау комиссияның хатшысы                             Т.Иманбеков

Дата публикации
29 декабря 2022