«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 «Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 14 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Qulan tany» газеттерінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық сайлау
комиссия төрағасының м.а. Е.Әлібаев
Комиссия хатшысы Т.Иманбеков