Т.Рысқұлов ауданының Ақниет ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1 тармағы сәйкес  Т.Рысқұлов  аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ        ЕТЕДІ:

1.Т.Рысқұлов  ауданында 2022 жылғы 18 желтоқсанға  - Ақниет ауылдық округінің әкімінің сайлауы тағайындалсын.  

  1. 2022 жылғы 18 желтоқсанға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданының Ақниет ауылдық округінің әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Құлан таңы" газетінде жариялансын.

 

Комиссия  төрағасы                                             М.Тлепов

 

Комиссия  хатшысы                                                Т.Иманбеков

 

Дата публикации
18 декабря 2022