«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер- осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер; Біздің бөлімде осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы іс-шаралар өтіп, уәкілетті органдармен жиын жасалып, хаттамалар тіркеліп отырылады.
Т.Рысқұлов аудандық
Халыққа қызмет көрсету бөлімі