Емханаға тіркелу бойынша

EgovMobile қосымшасында және Egov.kz порталының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Емделуші емханаға немесе Егов порталына өтінім берген уақыттан бастап – 1 жұмыс күні. Егер, қызмет көрстеу мерзімі белгіленген уақытынан асып кеткен жағдайда,қызмет алушы сұрау берілген медициналық ұйымға жүгінуге болады. Емхананы өз еркімен таңдау жылына бір рет жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қоныс аударған жағдайда емхананы өзгертуге болады. Баланы емханаға онлайн тіркеу үшін EgovMobile қосымшасында және Egov.kz порталы арқылы өтінімді толтыру кезінде, қызметті балаға деп көрсету қажет.

 

 

 

                                                                                        Т.Рысқұлов аудандық

                                                                              Халыққа қызмет көрсету бөлімі

Дата публикации
05 декабря 2022