Семинарға облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, қала/аудан әкімдерінің идеологиялық бағытты үйлестіруші орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары (штаб төрағалары), Облыстық СЭБД басшысы, Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар – кеңесте келесі мәселелер қаралды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:
1.Облыстық сайлау комиссиясының орынбасары С.К.Мәдиева «Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары туралы» баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша:
2.Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Садубаев «Сайлау алдындағы үгіт жұмыстары кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарының сақталуы туралы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша:
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша:
Жиын соңында, С.Айдапкелов аумақтық сайлау комиссияларына іс-шаралардың орындалу мерзімдерін қатаң басшылыққа алуды және күн тәртібіндедегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.