«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы СМС-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді клиенттер қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болды. Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек иммигрантарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды. Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту сынды мемлекеттік қызметтер бар. Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжаттар алар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болады. Жаңа сервис ХҚО-ға екінші рет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай десеңіздер, клиентке сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады.