Қызметті алушылар: жеке тұлғалар. Қызмет көрсету орны: Мемлекеттік корпарация арқылы, портал арқылы жүзеге асырылады. Қызмет құны: азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер 1 АЕК. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама- 0,3 АЕК. Құжаттар тізбесі : көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, туу, неке қию, некені бұзу, тегін,атын, әкесінің атын өзгерту, туралы анықтама беру туралы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат, ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда , бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат , көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Қызмет көрсету нәтижесі: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталам куәлік немесе анықтамалар; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш білдірген кезде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жүргізіледі.