Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 04 шілдедегі №119 қаулысымен бекітілген, жеке және заңды тұлғаларға адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандыратын және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия мүшелері бір ауыздан ҚР АШМ 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы»№7-1/559 бұйрығына сәйкес, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Т.Рысқұлов аудандық инспекциясы ұсынысынған статистика органының деректері негізінде, алып қоймай залалсыздандыратын және қайта өңделген жануарлардың жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың 2022 жылдың Тамыз айына төмендегідей орташа айлық құнын өтеу ставкаларын белгіледі:
Мүйізді ірі қара
Сүтті табындағы сиырлар –350 000 теңге
Сүтті табынның тұқымдық бұқалары – 400 000 теңге
Сүтті табынның ірі қара малдарының төлдері – 220 000 теңге
Сүтті табынның 1 жасқа дейін төлдері – 150 000 теңге
Етті табынның сиырлары – 380 000 теңге
Етті табынның тұқымдық бұқалары – 380 000 теңге
Етті табынның ірі қара малдарының төлдері – 280 000 теңге
Етті табынның 1 жасқа дейін төлдері – 160 000 теңге
Жылқылар
3 жас одан үлкен жылқылар – 530 000 теңге
Құнан 3 жасқа дейінгі – 390 000 теңге
1,5 жасқа дейінгі тайлар – 270 000 теңге
Қойлар
Қылшық жүнді саулық қойлар – 55 000 теңге
Қылшық жүнді қошқарлар –81 000 теңге
1-2 жасқа дейінгі қылшық жүнді ұрғашы тоқтылар –45 000 теңге
6 айдан 1 жасқа дейінгі қылшық жүнді тоқтылар – 38 000 теңге
Ешкілер
Ересек ешкілер – 35 000 теңге
1 жасқа дейінгі лақтар – 20 000 теңге
Жануарлардың өнімдері
Сиыр және бұзау еті – 2400 теңге
Жылқы және құлын еті – 2600 теңге
Қой еті – 2500 теңге
Шошқа еті – 2000теңге