Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен 125 қызмет көрсетіледі.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 2684 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 2634 қызмет (98,1 %);
қағаз түрінде – 0 қызмет (0,0 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 50 қызмет (1,8 %).
Осы мерзімде 2 қызмет «Жер учаскесін жекеменшікке ақсын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша құжаттардың толық болмауына байланысты бас тартылды
2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында мерзімдері бұзылып мемлекеттік көрсетілген қызметтер жоқ.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында 36 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 12 159 халық қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2022 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Тамыз айында бекітілген жоспарға сәйкес Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша қызмет көрсету туралы ақпараттық тақтайша ғимараттың кіре берісіне ілінгенімен, орналастырылған ақпараттардың ішінде көрсетілуге жататын қағидалардың тізімі толық еместігі анықталып, бас маман А.Мақұлбекова «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау іс шаралырының қорытындысы бойынша 1 ұсыныс әзірленіп, орындалды.