Мүгедектік жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы

       Мүгедектігі бойынша жәрдемақы ел аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтарына тағайындалады:

-жалпы ауру, жұмыс барысында мертігу, кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдар;

-7 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

-7 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек балалар;

-бала кезінен мүгедек адамдар;

-мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек адамдар;

-әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) , арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ішкі істер органдарының және ҚР бұрынғы мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарындағы мүгедек адамдар;

-төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радияциялық әсер ету және олардың салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» МК , Егов порталы арқылы беріледі, мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде клиент медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі.

Дата публикации
20 сентября 2022