Мемлекеттік корпарация бала туғанда берілетін жәрдемақы және оның күтімі бойынша композит қызмет көрсетеді. Оған бірден екі жәрдемақы кіреді- бала тууы және бір жасқа дейінгі бала күтімі. Оны рәсімдеу үшін қажет құжаттар: жеке куәлік, барлық баланың туу туралы куәлігі, банктің шот нөмірі қажет. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы: бірінші,екінші,үшінші балаға- 38 АЕК, төртінші және одан да көп балаға- 63 АЕК. Тұрақты түрде әлеуметтік аударымдар жүргізетін , әлеуметтік сактандыруы бар жұмыс орнында істейтін азаматтар үші бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 24 айға есептелген әлеуметтік аударымдар ұсталған орташа айлық табыстың 40 пайызы болады. Жұмыс істемейтін азаматтар үшін 2022 жылғы 1 сәуірден бастап республикалық бюджеттен бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері былай есептелінеді:
Бірінші балаға- 5,76 АЕК, екінші балаға- 6,81 АЕК, үшінші балаға- 7,85 АЕК, төртінші және одан да көп балаға-8,90 АЕК.Жәрдемақыны ХҚО, Егов порталы , Каспи және HalykHomebank мобильді қосымшалары арқылы және СМС арқылы проактивті түрде ресімдеуге болады.