Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген нөміріңізді ХҚО –ға бармай-ақ ауыстурудың екі жолы бар:

1.Egov.kz порталындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз. Мәліметтеріңіз жазылған бұрыштағы телефон нөміріңізді «редакциялау» арқылы өзгертіңіз. Жаңа нөміріңізге түскен кодты енгізіңіз және ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Сіздің нөміріңіз жеке кабинетте және МАБ –да автоматты түрде өзгереді.

2.Порталдың басты бетінде орналасқан виртуалды ассистентке видеоқоңырау шалыңыз. Байланысқа шыққан операторға өзіңіздің ЖСН-іңіз бен SMS- хабарлама алғыңыз келетін жаңа нөміріңізді айтыңыз.

Жаңа нөміріңіздің тіркелгені туралы сізге хабарлама жолданады.

Дата публикации
12 сентября 2022