«Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылдық окруі әкімдігі аппараты» КММ-ң 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Абай ауылдық округі әкімдігі 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,3% - ын құрайды (698).

         Оның ішінде:

Электронды түрде           –    0  қызмет (0%);

қағаз түрінде                     –     10 қызмет (100%);

қағаз түрінде (баламалы) –    0 қызмет (0 %).

Веб-портал арқылы       -   0 қызмет (0 %)

Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 (0 %)

                  

         2021 жылдың қорытындысы бойынша Абай ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерде құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі тіркелмеген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Т.Рысқұлов ауданы бойынша филиалының  өкілдерімен бірлесіп)мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді және абай ауылдық округ әкімдері аппараты қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 157 халықты қамтылған 3 іс-шара ұйымдастырылды(мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
25 августа 2022