ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Т.Рысқұлов ауданының Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,1% - ын құрайды (698).
Оның ішінде:
Электронды түрде – 42 қызмет (35 %);
қағаз түрінде – 64 қызмет (53,4 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 14 қызмет (11,6 %).
Веб-портал арқылы - 0 қызмет (0 %)
Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 (0%)
2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылмаған.
Есепті кезеңде Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратымен бекітілген жоспарларға сәйкес 1 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша 1 бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 1 фактісі.
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 1 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 1 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (1 – «ескерту»).
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі тіркелмеген.
Ауылдық округ деңгейінде түсіндіру және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті (2021 жылы – 1).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 337 ауылдық округ тұрғының қамтыған 7 іс-шара ұйымдастырылды.
( дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.