Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімдігі 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,3% - ын құрайды (698).

         Оның ішінде:

Электронды түрде           –    0  қызмет (0 %);

қағаз түрінде                     –     8 қызмет (4,6 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    0 қызмет (0 %).

Веб-портал арқылы       -   165 қызмет (95,3%)

Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 (0%)

         2020 жылмен салыстырғанда веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер саны 11,5%-ға немесе 146 қызметке көбейді (2020 жылы 28 қызмет көрсетілген).

         Атап айтқанда, веб-портал арқылы сұранысқа ие қызметтерге АХАТ, Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою , Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру жер кезекке қою, және әлеуметтік саласының қызметтері кіреді.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген жоқ.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 53 халықты қамтылған 7 іс-шара ұйымдастырылды(мақалалар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер,).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
25 августа 2022