Құмарық ауылдық округі әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

         Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес, Құмарық ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 16 түрлі қызмет көрсетіледі.

         Оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген іс-шаралар -8)

1.Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп  жасына дейінгі( 6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою -25( «EDUgarden» АЖ)

2.Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну -162

         2021жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі тіркелмеген.

         2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті.

         2021 жылы Т.Рысқұлов аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаевтың

Мемлекеттік қызметтерді қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шара жоспары орындалды.Т.Рысқұлов аудандық  «Құлан таңы» газетіне ауылдық округі тұрғындарына түсіндірме жұмыстары (мақалалар) берілді.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық үкіметтің (Е-gov),Құмарық ауылында ақпараттық орталық жұмыс істейді  түсінбеген , туындаған сұрақтар бойынша «Құмарық ауылдық округі әкімі аппараты»КММ-нің арнайы жауапты маманның көмегімен  көрсетіледі.

         Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратымен Құмарық ауылдық округі әкімінің аппаратына «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының талаптарының орындалуына 2021 жылғы 17-21 маусым аралығында ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

         Ішкі бақылау шаралры барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, аудан әкімі аппаратына ұсыным жолданды.

         2021 жылғы 21 маусымдағы ішкі бақылау жұмыстарының қортындысы  туралы актіні назарға алып «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген қағиданың 55-57 тармағына сәйкес іс –шара жоспары әзірленіп қабылдаған шешім туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына жолданды.

         Іс-шара жоспары жасалынып, көрсетілген мерзімде орындау табысталды.

         Заң талаптарын бұзған А.Раушанова мен Ф. Сукеноваға «ескету» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
25 августа 2022