ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Көкдөнен ауыл округінде 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,3% - ын құрайды (698).
Оның ішінде:
Электронды түрде – 3 қызмет
қағаз түрінде – 0 қызмет
қағаз түрінде (баламалы) – 0 қызмет
Веб-портал арқылы - 0 қызмет
Мемлекеттік корпорация арқылы – 0
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі тіркелмеген.
Ауыл округі деңгейде түсіндіру және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті
Сонымен қатар облыс әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп)мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқарма, қала, аудандар әкімдіктерінің тиісті бөлімдерінің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының, бағынысты мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 38 адам қамтылған 3 іс-шара ұйымдастырылды( 1 мақала, 3 жиналыс).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.