Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппаратында 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2,3% - ын құрайды (698).

         Оның ішінде:

Электронды түрде           –    99  қызмет (37,8 %);

қағаз түрінде                     –     163 қызмет (62,2 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    0 қызмет (0 %).

Веб-портал арқылы       -   99 қызмет (37,8%)

Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 (0%)

         2020 жылмен салыстырғанда веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер саны 22,2%-ға немесе 22 қызметке көбейді (2020 жылы 77 қызмет көрсетілген).

         Атап айтқанда, веб-портал арқылы сұранысқа ие қызметтерге, жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік саласының қызметтері кіреді.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 мемлекеттік қызметтердің мерзімі порталдың дұрыс жұмыс істемегені үшін, бұзылып көрсетілген..

         2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі тіркелмеген.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 115 халықты қамтылған 5 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.      Ауылдық  округ деңгейде түсіндіру және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
25 августа 2022