ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты 16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 2.3% - ын құрайды (698).
Оның ішінде:
Электронды түрде – 45 қызмет(31,2%)
қағаз түрінде – 0 қызмет ;
қағаз түрінде (баламалы) – 99 қызмет (68,8%)
Веб-портал арқылы - 0 қызмет
Мемлекеттік корпорация арқылы –0
Есепті кезеңде Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратымен бекітілген жоспарларға сәйкес ішкі бақылау іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша бұзушылық анықталған жоқ:
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактісі тіркелмеген.
Ауылдық округ деңгейінде түсіндіру және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 5 іс-шара ұйымдастырылды (мақала-2, халықпен кездесулер-3).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.