Құлан ауылдық округі әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Құлан ауылдық округі  әкімдігінде  16 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді,

         Оның ішінде:   қағаз түрінде  –     38қызмет

  1. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

         2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан   3 қызметкер өтті.

         2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету  сапасын арттыру бойынша іс-шара жоспары орындалды және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 55  халықты қамтылған  4 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар,  бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету тұрақты жүргізілуде.

Дата публикации
25 августа 2022