Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел тіркеу

Құрметті қызмет алушылар, жылжымайтын мүлікке құқықтарыңызды жедел түрде тіркеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы тіркеуге ұсынылған өтініштер 1 тәуліктің ішінде орындалады және төленетін төлем келесідей:

  • Пәтер үшін 3607, 63 теңге;
  • Тұрғын үй, жер телімімен 7215,26 теңге;
  • Тұрғын емес нысандар үшін алынатын төлем, нысандардың санына қарай анықталады.

Нотариус арқылы жасалған шарттарды электронды тіркеу 2 сағаттың ішінде орындалады және төленетін төлем келесідей:

  • Пәтер үшін 4294,80 теңге;
  • Тұрғын үй, жер телімімен 8589,6 теңге;
  • Тұрғын емес нысандар үшін алынатын төлем, нысандардың санына қарай анықталады.
Дата публикации
19 августа 2022