Зейнетке шығу мәселесі туралы

Қазакстанда ерлер 63 жасында зейнетке шығады. Әйелдер үшін бірнеше кезең қарастырылған: 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 айға ұлғаяды, және бұл көрсеткіш 2027 жылы 63 жасқа жетеді. Сондай-ақ, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқы бар. Зейнетақы төлемі мыналардан тұрады:

-жасына байланысты зейнетақы (1998 жылға дейінгі өтілі және жұмыстағы үзіліске қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл үшін 1998 жылдан бастап орташа айлық табысы ескеріледі)

-базалық зейнетақы төлемі

-жинақтаушы зейнетақы(егер зейнетақы аударымдары болса, ЖЗҚ төленетін төлемдер).

Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін ескеріледі және еңбек кітапшасымен расталады, ол болмаған кезде немесе дәлелденбесе сот шешімінің негізінде белгіленеді. Зейнетақы төлемдері зейнеткердің қайтыс болғаны туралы  мәліметтерді алған кезде, ҚР азаматы  басқа мемлекетке тұрақты түрде көшіп кеткен кезде төлеу тоқтатылады.

Дата публикации
19 августа 2022