Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады және біржолғы өтемақы түрінде төленеді. Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттар:
- өтініш;
- -жеке куәлік;
- - еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
- - Банк шотының нөмірі.
- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және салық төлеушілердің жеке шотынан үзінді көшірмені қосымша ұсынады.
- Жүктілік және босану бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тікелей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе проактивті түрде, алушының келісімімен, растауымен немесе оларға банктік шот нөмірін бере отырып, SMS-хабарламаға жауап беру арқылы беріледі.