Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

         ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі 69мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 9,8% - ын құрайды (698).

         Оның ішінде:

Электронды түрде           –    7823  қызмет (37,6 %);

қағаз түрінде                     –     1743 қызмет (8,3 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    2065 қызмет (9,9 %).

Веб-портал арқылы       -   5254 қызмет (25,2%)

Мемлекеттік корпорация арқылы – 3928 (18,9%)

         2020 жылмен салыстырғанда веб-портал арқылы көрсетілген қызметтер саны 39%-ға немесе 3205 қызметке көбейді (2020 жылы 2049 қызмет көрсетілген).

         Атап айтқанда, веб-портал арқылы сұранысқа ие қызметтерге АХАТ, жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй және әлеуметтік саласының қызметтері кіреді.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша 14 мемлекеттік қызметтердіңмерзімі бұзылып көрсетілген. Жіберілген бұзушылықтар үшін 4 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұлдар салынды.

         Есепті кезеңде Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратымен бекітілген жоспарларға сәйкес 4 ішкі бақылау  іс-шараларын өткізді.Іс-шаралар қорытындысы бойынша 172 бұзушылық анықталды:

         -  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 169 фактісі;

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 3 фактісі.

         Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 8 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 2 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (2–«ескерту»).

         2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі тіркелмеген.

         2021 жылы «ЗОР РУХ» қайырымдылық қоры Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша облыстың ЖАО-ның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 80,8% құрады.

         Бұл бағытта облыс әкімі Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

         Аудандық деңгейде түсіндіру және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 21 қызметкер өтті (2018 жылы – 4, 2019 жылы – 8, 2020 жылы – 0).

         Сонымен қатароблыс әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп)мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқарма, қала, аудандар әкімдіктерінің тиісті бөлімдерінің және ауылдық округ әкімдері аппараттарының, бағынысты мекемелерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 15330 халықты қамтылған 62 іс-шара ұйымдастырылды(мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Дата публикации
17 августа 2022