Енді заңды тұлғаларға хабарлама сипатындағы мемлекеттік қызметтерді
алу оңайырақ болады. Процесті неғұрлым ыңғайлы ету үшін заңды
тұлғалардан келіп түскен өтініш ХҚО-да қабылданатын болады.
Осы жаңашылдықтың арқасында клиенттің қызмет көрсетушімен тікелей
байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын
кеседі. ХҚО-ларда заңды тұлғалар үшін хабарлама сипатындағы 6 қызмет
көрсетілетін болды:
*Заңды мекенжайының (рекидент есестердің) өзгергені туралы хабарлама;
*Заңды тұлға басшысының (рекидент есестердің) өзгергені туралы
хабарлама;
*Заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама;
*Заңды тұлғаның экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама;
*Басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы
хабарлама (ТАӘ өзгерту);
*Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хабарлама
Бұл қызметтер хабарлама сипатында көрсетіледі, сондықтан тіркеу ақысын
төлеудің қажеті жоқ.
Аталған қызметтерді eGov порталынан онлайн режимде де алуға болады.